Астанада жолаушылар автобусы өртенді

Автор: Дулат Асель

Зардап шеккендер жоқ

Фото: ТЖМ

Астанадағы Мәңгілік ел даңғылында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендер туралы 112-ге ақпарат түскен жоқ.

«№54 бағыттағы автобустың жануы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер шақырту орнына сағат 18:54-те келіп жетті. Автобустың ашық отпен қозғалтқышы жанды. Өрт сағат 18:56-да оқшауланды. Сағат 19:04-те өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ», - деді