ТЖМ үйге жарқанат кіргенде не істеу керегін айтты
Астанада Сарайшық ауданындағы биік үйлердің пәтерлерінің біріне алақандай жарқанат кіріп кеткен. Пәтер иесі жарқанатты ұстап, шығарып жіберуге қорқып құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жарқанат өз бетімен шығатын есікті таппаған», - делінген хабарламада.
Құтқарушылар егер үйіңізге жарқанат кіріп кетсе, өзіңіз ұстауға тырыспай, ол бөлмеден шығып кетуге кеңес береді.