Оқиға Бұланды ауданындағы Шұбарғаш ауылында болды
Ақмола облысында жеке үйде өрт шығып, салдарынан екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Бұланды ауданындағы Шұбарғаш ауылында болды.
Белгілі болғандай 2017 және 2021 жылы туған екі бала ысқа уланып қайтыс болған.
«ТЖД телефондарына қоңыраулар түскен жоқ. Өртті оқиға куәгерлері сөндірді», - деп хабарлады Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрттің шығу себептерін облыстық өрт сөндіру бөлімінің ғылыми-зерттеу сынақ зертханасының қызметкерлері анықтап жатыр.
Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады.