Таразда марихуана суына түсіп, емделмек болған әйел 10 жылға сотталды

Автор: Темірхан Айжан

Әйел жабайы есірткі шөптерді жинаған 

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облыстық соты жабайы есірткі шөптерін жинап, сатқан деген айыппен 58 жастағы әйелді 10 жылға соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сотталушыны 2024 жылдың сәуірінде Тараз қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде полиция қызметкерлері ұстады, тінту жүргізіп, оның Фольксваген Туарег жеке көлігінен және тұрғылықты жері бойынша салмағы 19,4 келіден аса гашиш пен 22 келі марихуана есірткі заттарын тәркіледі. Сотта ол өзінің кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініш білдірді, сонымен қатар оның псориаз және буын ауруларына шалдыққанын, есірткі заттарын сату мақсатынсыз емдік суына түсу үшін сақтағанын айтып көрсетті», - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енді.