«Балауса», «Гүлдер», «Шапағат»: Мұғалжардағы балабақша есепшілері 54 млн теңгені жымқырған

Автор: Azattyq Rýhy

«Шапағат» және «Арай» атты екі балабақшаның есепшілері 5 млн теңгенің арқасында түрмеге түспей қалған

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданын «Балауса», «Гүлдер», «Шапағат», «Арай» атауы бар төрт балабақшаның есепшілеріне қатысты іс тергеліп, бір бухгалтер жеті жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Ақтөбе облысының прокуратурасы хабарлағандай, «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері ұрлаған 5 млн теңгелерін қайтарып беріп, қылмыстық іс тоқтаған.

«Ал, «Балауса» және «Гүлдер» атты балабақшалардың бухгалтері 49 млн теңге қаражатты заңсыз иемденген.  Сот оны жеті жылға бас бостандығынан айырды», - деп хабарлайды Ақтөбе облысының прокуратурасы.