Бұл туралы адвокат өзінің Facebook парақшасында жариялады
Алматыда белгілі адвокат Айман Омарованың көлігі көз алдында өртеніп кетті. Омарованың айтуынша, алдымен жүріп келе жатқан көліктің тежегіші істен шыққан. Әрең тоқтатқанда, көліктің алдыңғы бөлігі өртене бастаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер жанып жатқан көлікті қоршауға алды. Өйткені, бензин толы техниканың атылып кетуі мүмкін еді. Біршама уақыттан кейін жеткен өрт сөндірушелір қызыл жалынды сөндіріп үлгерді. Алайда, адвокаттың көлік құралы түгі қалмай жанып кетті. Көлігінің өртенгенін көрген Айман Омарова біреулерді кіналайтынын білдірді.
«Құбыжықтар, мұны істеген сендер. Құбыжықтар», - деп ол бірнеше рет қайталады.
Айта кетейік, төтенше оқиғадан бір сағат бұрын адвокат шетелдік инвесторды өлтірмек болғандар мен оған құзырлы органның кей қызметкерлерінің қатысы барын айтып, тіпті, фамилияларын атап, тікелей эфирге шыққан болатын.