Ол 59 жастағы әйел адам
Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Ол 1961 жылы туған әйел адам, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген хабарламада.
Бүгінге дейін Қазақстан бойынша барлығы 35 адам COVID-19 індетінен қайтыс болды.