Денсаулық сақтау министрлігі барлығы 31 елдің тізімін жариялады
Түркия карантиндік шараларды жұмсарту ретінде 20 мамырда бастап 31 елден келетін медициналық туристер үшін шекарасын ашады. Бұл туралы Anadolu ақпарат агенттігі жазады.
«Ол елдер қатарында: Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Түркіменстан, Ирак, Ливия, Греция, Украина, Ресей, Джибути, Алжир, Косово, Македония, Албания, Босния және Герцеговина, Румыния, Сербия, Болгария, Молдова, Сомали, Кувейт, Катар, Бахрейн, Оман, Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Пәкістан, Қырғызстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы бар», - делінген ақпарда.
Медициналық туристер елге еріп жүретін екі адаммен жіберіледі. Науқстармен бірге жүретін адамдар сапарға дейін 48 сағат ішінде, (егер олар өз елінде болса) COVID-19 тестінен өтуі керек . Түркияға кірген кезде сізде коронавирус сынағының теріс нәтижесі туралы сертификат болуы керек немесе Түркияға кірген кезде ақылы түрде тест тапсыру керек.
Түркияға кіргеннен кейін пациенттер мен бірге жүретін адамдар ауруханаға жеткізіледі және басқа жерге орналастырылмайды. Ауруханалардағы бір қабат тек шетелден келген емделушілерге арналған.
Ортопедия және травматология, жалпы хирургия, педиатриялық хирургия, урология, көз аурулары, кардиология, жүрек-қан тамырлары хирургиясы, хирургиялық онкология, гинекологиялық онкология, медициналық онкология, радиациялық онкология, ми мен жүйке хирургиясы, гематология, қарқынды терапия бойынша пациенттер елге кіре алады.