Петропавлдағы бір отбасының өлімі: СҚО прокуратурасы жазамен келіспей, сотқа шағымданды

Автор: Azattyq Rýhy

Прокуратура облыстық сотқа 12 қараша күні апелляция енгізген

Фото: скриншот

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында бүтін бір отбасыны өлтіргені үшін үш адам сотталған болатын. Бірақ, отбасында тірі қалған жалғыз қыз – Татьяна Приходченко мен облыстық сот олардың жазасымен келіспейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, ерлі-зайыптылар мен олардың 17 жастағы ұлын өлтірген қылмыскердің бірі өмір бойына, екіншісі 21 жыл 8 айға, ал осы қылмысты арандатқан әйел 3 жылға сотталған болатын. Татьяна Приходченкомен қатар бұл жазаға келіспеген облыстық прокуратура облыстық сотқа апелляция түсіргенін мәлім етті.

«Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Приходченко отбасын өлтіру фактісі бойынша «E» есімді азамат өмір бойына бас бостандығынан, «О» есімді азамат 21 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан, «С» есімді азаматша 3 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлайды. «О» және «С» азаматтарына қатысты жазаның жеңіл болуына орай облыстық прокуратура бұл үкіммен келіспеді. Осыған байланысты 2024 жылдың 12 қарашасында облыстық сотқа апелляциялық шағым енгіздік», - деп хабарлады облыстық сот.

Бұл оқиға туралы толық ақпаратты мына сілтемеден оқиға аласыздар.