Оның үшеуі асқазанынан, екеуі ішегінен алынды
Қарағандыда бір жарым жасар қыз медициналық емдомға қолданатын 5 инені жұтып қойған деп хабарлайды «Хабар-24».
Сәби өзін нашар сезіне бастағаннан кейін ата-анасы оның ине салынған қорапты шашқанын көріп, дереу дәрігерлерге жүгінген. Ауруханада оған тез арада операция жасалды.
Үш ине кішкентай қыздың асқазанынан шыққан. Қалған екеуі ішегінен алынды. Ота сәтті өтті дейді дәрігерлер. Қазір бүлдіршін үйіне шығарылған.
Қарағандылық мамандардың айтуынша, биыл әр түрлі зат жұтып қойған балалар саны көп болыпты. Олардың қатарында тиын, шеге, жүзік, қуаттағыш батарея, түйме және өзге де ұсақ заттар бар.