Ақтөбеде құтқарушылар боранда жоғалған ер адамды аман-есен тапты

Автор: Оршыбекова Асель

Ер адам мал жаюға шыққаннан кейін байланысқа шықпай, жоғалып кеткен болатын

Фото: ТЖМ

Ақтөбе облысында құтқарушылар кезекті іздестіру-құтқару жұмыстарын сәтті аяқтады. Қатты жел мен боранға қарамастан, 1959 жылы туған ер адамды табу үшін жедел әрекет еткен құтқарушылар оны аман-есен тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам мал жаюға шыққаннан кейін байланысқа шықпай, жоғалып кеткен болатын. 

Құтқарушылар ер адамды облыс орталығынан шамамен 8 шақырым қашықтықта орналасқан Құршысай тұрғын алабы маңынан тапты.

Оқиға орнында медициналық көмек көрсетудің қажеттілігі туындамады, ер адамның жағдайы жақсы.