Өскеменде түрме келушісінен жалған құжат табылды

Автор: Azattyq Rýhy

33 жастағы әйел айлаға салып, жалған неке куәлігін көрсеткен

Фото: istockphoto.com

Өскеменде 33 жастағы әйелдің жалған неке куәлігі тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұзақ мерзімді кездесулерге тек ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар кіргізіледі.

«33 жастағы әйел айлаға салып, жалған неке куәлігін көрсеткен. Дегенмен, қызметкерлер құжаттың жалған екенін байқады. Әйел қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты», – деп хабарлады ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.