Видеода 3 жыл бұрын болған адам ұрлығы әшкереленген
Полиция Талғарда «Хутор» қылмыстық тобының жетекшісі атағына ие болған Хасан Қасымбековтің ұсталғанын хабарлаған. Ол 2021 жылдың маусым айында А. азаматының денсаулығына ауыр зиян келтірді және оны ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осы іске қатысты бес азамат ұсталған.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен бесеуі де сотталып, қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр. Осы қылмысқа Хасан Қасымбаевтың да қатысы бар болып шықты. Алайда видеодағы оқиғаның өзіне Хасан Қасымбеков қатыспаған. Ал бұл іске Хасан өзі тапсырма бергені үшін күдікті болып отыр.
Видеода бір топ ер адам көшедегі адамды бас салып, ұрып-соғып, көлікке салып алып кеткенін көруге болады.
Естеріңізге салайық, 16 жастағы Шерзат Полаттың қазасынан кейін әлеуметтік желіде Талғарда «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобы бар екені, оның лидері Хасан Қасымбаев екені туралы қауесет тарай бастады. Алайда Ішкі істер министрлігі Қасымбаевтың күдіктілермен байланысы анықталмағанын, «Хуторские» деген банда да жоқ екенін мәлімдеген.
Хасан Қасымбаевтың өзі де бейнеүндеу жариялап, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған еді.