Жыл бойы жүргізілген рейд нәтижесі
«Ашық автомобиль» рейді барысында елордалық полиция қызметкерлері есігі ашық мен жүк салғышы ашық қалған 700-ден астам автомобильді анықтады, деп хабарлайды қалалық Полиция Департаменті.
«Жыл басынан бері «Нұр Сұлтан» полициясы 703 ашық көлік құралын анықтады, 600-ден астам автомобиль иелері полицияның қатысуымен көліктерін жапқан. Полиция өкілдерімен көліктердегі ұрлықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында профилактикалық жадынамалар таратылды. Автокөлік бөлшектерінің жоғалуы, көліктерді ұрлау көбінесе жүргізушілердің өздері ұқыпсыз болып, автомобиль есігін жабуды ұмытып кететіндігіне байланысты болады»,- делінген хабарламада.
Сонымен қатар, көктем-жаз маусымының басталуымен полиция велосипед ұрлығының алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Мамыр айының басынан бері полиция 1200-ге жуық велосипед тексерілді, олардың 80-нен астамы ұрлыққа қатысын тексеру үшін полицияға жеткізілді.
«Нұр-Сұлтандық полиция бөлімі көлік иелеріне сақ болуға, көліктерінің терезелерін, есіктері мен багаж сөрелерін ашық қалдырмауға, көлік құралдарын мамандандырылған автотұрақтарға, тұрақтарға немесе бейнебақылау камераларының бақылау аймағына қоюға ескертеді»,- деп хабарлайды Департамент.