Тәртіп сақшысы олардан 5 мың АҚШ долларын алу кезінде ұсталды
Алматыда жөзекшелерге көмектесіп былықтарын жаппақ болған полиция қызметкері жеті жарым жылға сотталды, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Тәртіп сақшысы олардан 5 мың АҚШ долларын алу кезінде ұсталған. Сот экс-полицейді бас бостағынан айырып қана қоймай, мемлекеттік қызметке жұмыс істеуіне тыйым салды.
Қалада жезөкшелерді ұстау операциясы жазда басталған еді. Шаһар басшысы полицияның бұл мақсаттағы жұмысына күдікпен қараған болатын.
Бұл елдегі жауапсыз полиция қызметкерінің жазаланған алғашқы дерегі емес. Бірқатары сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін жазаланыпты. Нұр-Сұлтан қаласының полиция капитаны Досханов Өзбекстанның 19 азаматын босатпақ болған. Бұл қызметін 4 мың АҚШ долларына бағалаған.
«Нұр-Сұлтан қаласындағы ПД-ның жол-патрульдік қызметі инспекторы, полиция капитаны Досханов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Өзбекстанның 19 азаматын босатуға 4 мың АҚШ долларын алу кезінде құрықтылды. Тағы ПД арнайы батальонының инспекторы полиция лейтенанты Салкимбаев сотталды. Сондай-ақ Петропавлдағы жүргізушілерден бірнеше рет пара алған полицейлей Кузьминых және полицияның кіші сержанты Хисамутдинов 7 жылға қамалды», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров.