Өрттің шығу себебі анықталу үстінде
Орал қаласында Абай даңғылындағы сауда ойын-сауық орталығында өрт болып, 150 адам сыртқа шықты. Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, оқиға 31 қазан күні сағат 20.49-да болды.
«Сауда орталығының сыртқы жағында үшінші және төртінші қабаттың арасындағы жарнамалық логотип жанған. Сауда орталығынан 150 адам өз бетімен шықты. Өрт сағат 21.05-те оқшауланып, жедел түрде 21.07-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Оқиға орнына барлығы 67 адам, 20 техника барды», - делінген хабарламада7