Қостанай облысында кафелердің бірінде полиция подполковнигі төбелес шығарды

Автор: Темірхан Айжан

Фактіні полиция растады

Фото: скриншот

Қостанай облысы полиция департаментінің подполковнигі кафелердің бірінде төбелес шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тәртіп бұзған полицейдің әрекеті кафенің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода бірнеше ер адамның шекісіп қалғаны көрінеді.

«Осы факт бойынша қызметтік тергеу тағайындалды, оның шеңберінде қызметкердің іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, қызметкердің де, басшылықтың да кінә дәрежесі анықталатын болады», - деп жауап берді полициядан.