«Басқа біреу болса да жәрдем берер еді»: суға батып бара жатқан бүлдіршінді құтқарған адам пікір білдірді
Құтқарылған сәттің видеосы TikTok желісінде жарияланды
TikTok желісінде ер адамның кішкентай баланы суға батып бара жатқан жерінен құтқарып қалған сәті туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоны құтқарған жігіт желідегі «xan_0911» парақшасына жариялаған.
«Барлығыңызға рахмет! Сіздерге де Алланың нұры жаусын! Менің орнымда басқа бір адам болғанда да осылай жәрдем беріп, батып жатқан бүлдіршінге алғашқы көмегін беріп, қолынан келгенін аямайтыны анық», - деп жазды құтқарушының өзі.
Ол өз сөзінде баланың жағдайы туралы айтып өтті.
«Бала лас суды көп жұтып қойды», - дейді ол.
Ұл баланың құтқарылғаннан кейінгі «Рахмет, аға» деген сөзі мен құтқарушының батыл әрекетіне қатысты желі қолданушылары пікір білдірді.
«Өзі жылап жатып, рахметін айтып жатыр», «Құтқарған адамды тауып, үй мен көлік берсін», «Бір адамды құткарғаның ол бүкіл адамзатты құтқарумен тең, бауырым жарайсың», - деп жазды желі қолданушылары.