Астанада тұрғын үйдегі лифт ішінде үш адам қалып қойған (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ

Бейнеден кадр

Астанада тұрғын үйдегі лифт ішінде үш адам қалып қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған адамдарға көмекке келді

«Сарыарқа ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерінің бірінде 3 ересек адам лифт ішінде тұрып қалды. Лифтке жауапты қызметке жүгініп, күтіп тұрған кезде іштегі әйелге ауа тар болып, өзін жайсыз сезіне бастаған соң, 112 нөміріне қоңырау шалды», - делінген хабарламада.

Шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Осы ретте ТЖМ келесі ережелерді лифтте тұрып қалған азаматтардың есіне салады:

1. өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;

2. диспетчерге хабарласыңыз;

3. барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;

4. лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз

5. барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.