Қазақстандық Хуссаин Еремешев Дубай қаласында Dubai Duty Free лотереясында 1 000 000 доллар жеңіп алды деп хабарлайды Lenta.ru ақпараттық порталы.
Ұтыс иегері билетті интернет арқылы сатып алған. Лотерея ұйымдастырушылары Еремешевпен байланысқа шығуға және оның жеңісі туралы хабарлауға мүмкіндік болмай отырғандарын жеткізді.
Тағы бір лотерея жеңімпазы үнділік жеке кәсіпкер Камаласанан Надар Васу Біріккен Араб Эмиратында 35 жылдан бері тұрады. Ол өзінің ұтысының жартысын билетті бірге сатып алған досымен бөлісіп көпшілікті таң қалдырды.
Васу өзінің жеңіп алған ақшасын компаниясының банкротынан кейін қалған қарыздарына, қалған сомасын болашақта ашуды жоспарлап отырған жеке кәсібіне жұмсамақ.
Dubai Duty Free лотереясында осымен екінші қазақстандық жеңімпаз атанып отыр. 2015 жылы Омар Самалыков деген отандасымыз миллион доллар жеңіп алған.