$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.10.2024, 09:58
Оқиғалар

«Закладчик» жұмысын ұсынған: Алматы прокуратурасы 16 telegram каналды бұғаттады

Бұл арналар есірткі сатқан және адамдарға арам жұмыс ұсынған

«Закладчик» жұмысын ұсынған: Алматы прокуратурасы 16 telegram каналды бұғаттады
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласының прокуратурасы есірткі сатып, адамдарға «закладчик» жұмысын ұсынған он алты telegram каналды бұғаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, бұл арналар есірткі  мен психотропты заттарды жарнамалаған.

«Тексеру барысында анықталғандай, арна авторлары есірткі сатып қана қоймай, «закладчик» жұмысын ұсынған. Осыған байланысты Медеу ауданының прокуроры осы ресурстарды бұғаттау туралы талап қойып, сот оның талабын қанағаттандырды. Енді кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту үшін Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, одан әрі тергеу үшін полицияға жолданды», - деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасы.

Құзырлы орган азаматтарды осындай күдікті ресурстар туралы хабарлауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары