ШҚО-да құтқарушылар саусағы құбырға қысылып қалған балаға көмек көрсетті

Автор: Azattyq Rýhy

Абырой болғанда, балаға медициналық көмек қажет болмады

Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылында сегіз жасар баланың саусағы құбырға қысылып қалды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға баланың үйде ойнап жүрген кезінде орын алған. Анасы үй шаруасымен айналысып жүріп, баласының саусағы құбырдың ішіне қалай қысылып қалғанын байқамай қалған.

Баланың анасы жағдайды өз бетінше шеше алмай, құтқарушыларды көмекке шақырған. Оқиға орнына келген құтқарушылар абайлап әрекет етіп, баланың саусағын босатты. Абырой болғанда, балаға медициналық көмек қажет болмады. 

Құтқарушылардың мәліметінше, бала ойнаған құбыр бағанның тұтқасы болған.

Тегтер: