23.10.2024, 07:34
Оқиғалар
Семейде жеті жасар баланы көлік қағып кетті
Абырой болғанда, бала тек жеңіл жарақаттармен аман қалды
Фото: Абай облыстық ПД
Семей қаласында Селевин көшесінде 7 жасар баланы жолдан жүгіріп өткен кезде көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Абырой болғанда, бала тек жеңіл жарақаттармен аман қалды.
Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін жауапқа тартылды.
Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға және сақ болуға шақырды.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды