Көлікті полиция қызметкерлері байқап қалған
Жәбірленуші көлігін автокөлігін қаланың техникалық қызмет көрсету станциясының біріне жөндеуге тапсырған. Алайда оған тәртіп сақшылары көлігінің жол бойында табылғанын мәлімдеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні анықтады. ТҚС қызметкері көлікті өз қажетіне пайдаланып, қала сыртына шығуға әрекеттенген. Бірнеше күн бойы айдап жүргеннен кейін көлік Астрахан тас жолында бұзылып қалған. Көлікті жөндегісі келмеген ол оны жол бойында тастап, өзге көлікпен қалаға қайтқан.
«Қаскүнем кінәсін мойындап, автокөлік иесіне жарамды күйде қайтарылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.