Елордада газ баллондары тиелген жүк көлігі өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар жақын жерде тұрған 3 көлікке зақым келді

Видеодан алынған кадр

Астана қаласының Байқоңыр ауданында жүк көлігі өртке оранып, ал ондағы тиелген газ баллондары қызу нәтижесінде жарыла бастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген ТЖМ күштері мен құралдары бірнеше минут ішінде оқпанмен су беріп, баллондарды салқындату арқылы өртті жойды.

Сонымен қатар жақын жерде тұрған 3 көлікке зақым келді.

Өрт сөндірушілер 8 көлікті, жақын маңдағы тұрғын үйлерді және 17 газ баллонының 11-ін тілсіз жаудан құтқарып қалды.