Ақмола облысында құтқарушылар пәтерде қамалып қалған екі жасар балаға көмектесті

Автор: Azattyq Rýhy

Бүлдіршін өздігінен есікті ішінен кілттеп, қайта аша алмай қалған

Видеодан алынған кадр

Көкшетау қаласы Вернадский көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде екі жасар бала пәтердің ішінде қамалып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, бүлдіршін әжесі көшеге шығып кеткенде есікті бекіткішке жауып, қайта аша алмай қалған.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аспалы құралдардың көмегімен есікті ашып, баланы аман-есен әжесіне тапсырды.