Астанада есірткі таратушы күдіктілер ұсталды
Патрульдеу кезінде әскери қызметкерлер ағаштың жанында күдікті әрекет жасап жатқан азаматты байқап қалған
Астанада есірткі тасымалдаушыларды қолға түсірген Ұлттық гвардия қызметкерлері заңсыз әрекеттің алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 қазанда кешкі сағат 19:50 шамасында Есіл ауданында бірінші күдікті ұсталды. Патрульдеу кезінде әскери қызметкерлер ағаштың жанында күдікті әрекет жасап жатқан азаматты байқап, дереу оған жақындаған. Олар ер адамның ағаштар арасына белгісіз заттар тығып жатқанын анықтады. Күдікті сол жерде ұсталып, полицияға тапсырылды. Оны тексеру барысында 64 қызыл таспамен оралған пакет табылды.
Тағы бір осындай жағдай Есіл ауданында болып, күдікті есірткі салушылар ұсталды. Бұл жолы патрульшілер есірткі оралған пакетті тапты. Кейін күдікті екі адам ұсталып, тергеу үшін полиция шақырылды.
Тексеріс және тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.