$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.10.2024, 10:04
Оқиғалар

Ақтауда бопсалаумен айналысқан блогер бас бостандығынан айырылды

Айыпталушы өз кінәсін мойындамай, өзін ақтап шығаруды сұраған

Ақтауда бопсалаумен айналысқан блогер бас бостандығынан айырылды
Фото: © freepik.com

Ақтау қаласында блогер жергілікті супермаркет басшылығын бопсалағаны және ұрлық әрекеттері үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Істі Атырау қаласының №2 соты қарады. Сотта жергілікті блогердің супермаркеттен мерзімі өтіп кеткен тауарды тауып, полиция шақырамын деп қорқытып, 2 млн теңге талап еткені анықталды.

«Полиция келген соң блогер мерзімі өткен өнімдерді сатқаны және тауарларда мемлекеттік тілде ақпараттың жоқтығы туралы арыз жазған. Онымен қоймай, блогер арызын қайтарып алу үшін құны 39 824 теңге болатын өнімдерді алып кеткен», – деп хабарлады сотта.

Сотта блогер бірнеше күннен кейін прокурордың қалтасынан 20 мың теңге ұрлап алғаны да айтылды. Айыпталушы өз кінәсін мойындамай, өзін ақтап шығаруды сұраған. Алайда сотта айыпталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтары мен тергеу шараларының бейнежазбалары арқылы дәлелденгені айтылды.

Блогер ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы және 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары