Синвар Рафах қаласындағы пәтердің бірінде өлтірілді
ХАМАС көшбасшысы Яхия Синвардың демі үзелер сәтіндегі видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
The Independent жариялаған видеода көргеніміздей, Израиль тарапы Яхия Синвардың Газа секторындағы қираған пәтеріне дрон жіберген. Кадрда бет-аузын орамалмен ораған ер адам жұмсақ орындықта отыр.Ол соңғы күшін жинап дронға қарай қолындағы ұзынша таяқты лақтырып жіберді.
ЦАХАЛ-дың ресми өкілі Даниэль Хагаридің айтуынша, Синвар Рафах қаласындағы пәтердің бірінде жан тапсырған.
Бұған дейін хабарлағанымдай, Яхия Синвар 16 қазанда Газа секторының оңтүстігіне жасалған шабуылдан кейін қаза тапқанын Израильдің сыртқы істер министрі Исраэль Кац растаған. Израиль оны 2023 жылы 7 қазанда жаппай адам өлтіруді ұйымдастырды және іске асырды деп кінәлайды.