Жапония Қазақстанға коронавирустан емдейтін дәрі-дәрмек жіберді

Автор: Azattyq Rýhy

Гуманитралық көмек Аламтыға жеткізілді

Жапония Үкіметі гуманитарлық көмек ретінде ұсынған 12,200 таблеткадан тұратын препараттар 2020 жылғы 14 мамырда Алматы қаласына жеткізілді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.

«Бұл – жаңа түрлі коронавирусты емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер. Гуманитарлық көмек «Scat» әуе компаниясының арнайы рейсімен жеткізіліп, медициналық мекемелер арасында одан әрі тарату үшін «СҚ-Фармация» ЖШС-ға табыс етілді», - делінген хабарлама.

Осы орайда, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Жапония Үкіметіне екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік рухына сай келетін достық ықыласы үшін алғыс білдірді.