Іш киімі ұрланған әйел полицияға шағымданған
Талдықорғанда тұрғын үйлердің біріндегі ұрлық бейнекамераға түсіп қалған. Кадрлардан жас жігіттің дәлізде жайылып тұрған киімдердің арасынан біреуін алып, қалтасына салып кеткенін көруге болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Halyqstan Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, ұры кептіргіште жайылып тұрған әйелдің іш киімін ұрлап кетіпті. Іш киімі ұрланған әйел полицияға шағымданған. Алайда, тәртіп сақшылары жәбірленушінің өтінішін қабылдаудан бас тартты, өйткені аса маңызды дүние ұрланбаған.
Полициядан қайыр болмағандықтан тұрғындар өз дүниелерін қорғаудың жолдарын іздестіруде.