Марқұм рұқсат етілмеген жерде шомылған
Қорғалжын ауданындағы Нұра өзеніне суға шомылған бозбала батып кетті, деп хабарлайды Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марқұмның суға түсуге арналмаған жерде шомылғаны анықталды.
«Сабынды ауылынан 12 шақырым жердегі Нұра өзеніне 13 мамыр күні кешкі бестер шамасында суға түскен 18 жастағы жігіт батып кеткен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері жігіттің мәйітін тек бүгін таңғы сегіздер шамасынд іздеп тапты. Мәйітке сот медициналық сараптамасы тағайындалды», - деді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.