Қостанай облысында аулада тұрған жүк көлігі жанып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ

Фото: t.me/qr_tjm

Қостанай облысында аулада тұрған жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, оқиға Тобыл қаласында орын алған.

«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде жойылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

ТЖМ азаматтарға автомобиль электр сымдарының жарамдылығын тексерудің қажеттігін еске салады.