Алматыда шина жөндеу шеберханасынан өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ

Фото: t.me/qr_tjm

Алматыда шина жөндеу шеберханасынан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнынан 2 газ баллонын сыртқа шығарды.

«Алматы қаласы гарнизонның диспетчеріне Жетісу ауданындағы Айнабұлақ шағын ауданында орналасқан шина жөндеу шеберханасында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту орнына дереу бағытталған өрт есептортары өртке оранған құрылыстан 2 газ баллоны жедел түрде шығарылып, өртті 110 шаршы метр алаңда сөндірді», - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.