Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

 Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 13 қазанда Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәресте ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Абай облысында жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған қыз бала 19:40-та қайтыс болды. 80% күйікпен түсті. Мен Абай облысының өңірлік уәкілімен, қылмыстық іс бойынша облыс прокуратурасымен байланыстамын», - деп жазды ол Facebook-те.

Бұған дейін Семейдегі жанып жатқан қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің табылғаны хабарланған болатын.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу Абай облысы прокуратурасының арнайы бақылауына алынды.