Астанада өртенген мейрамханадан үш газ баллоны шығарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайы анықталуда

Фото: t.me/qr_tjm

Астанада өртенген мейрамханадан үш газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, өрт Сарыарқа ауданы Мамбетова көшесінде орналасқан екі қабатты мейрамхананың ас бөлмесінен шыққан.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Ғимаратта адамдар жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді. Өрт 20.26-да оқшауланып, сөндірілді», - делінген хабарламада.