Баянауыл ұлттық паркінде заңсыз салынған нысандар бұзылып жатыр
Бұл туралы облыстың прокуратурасы хабарлады
Павлодар облысының прокуратурасы Баянауыл ұлттық паркінде жер телімдерін өз бетінше басып алған, оған заңсыз құрылыс салған және конкурс өткізбей, жер телімдерін берген фактілерді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Прокурорлардың қадағалау актісі бойынша ауданы 1,9 гектар 4 нысан бұзылып, 4 участок босады», - деп хабарлайды прокуратура.
Сонымен қатар, прокурорлар Орман шаруашылығы комитетінің туристік нысандарға орын беретін тарифтерін қарап жатыр.
«Орман шаруашылығы комитеті 70-ке жуық демалыс үйі, кафе мен мейрамханаларды жалға алған жер учаскелері үшін төлемнен босатып жіберген. Сондықтан, Баянауыл ұлттық паркі жыл сайын шамамен 230 млн теңге шығынға ұшырайды», - деп хабарлаған Павлодар облысының прокуратурасы.