Оқиғадан зардап шеккендер жоқ
9 қазан күні сағат 17:40-та Есіл – Құсмұрын учаскесінің Сурған станциясында электровоз бен жүк вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚТЖ-ға сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Апат салдарын жою мақсатында қалпына келтіру пойыздары дереу оқиға орнына жіберілді. Қазіргі уақытта арнайы комиссия оқиғаның себептерін анықтау жұмыстарын жүргізуде.