Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау аяқталды

Автор: Azattyq Rýhy

ҰБТ-ға қатысуға 100 мыңнан астам өтініш онлайн түрде берілді

Халық көп шоғырланған жерлерге баруды болдырмау мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 15 сәуірі мен 10 мамыр аралығында онлайн және дәстүрлі түрде өткізілді, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.

«ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген азаматтардың саны 131 471 адамды құрайды, оның ішінде  111 017 – биылғы оқу жылының мектеп түлектері, 20 454 – колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері»,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ және шетелдегі оқу орнын бітірген адамдар үшін ҰБТ-2020 құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 15 мамырына дейін ұзартылды.