Ақтауда жеңіл көлік жолаушылар автобусымен соқтығысты

Автор: Azattyq Rýhy

Үш жолаушы зардап шекті

Видеодан алынған кадр

Ақтауда 4 қазан күні кешке Yutong маркалы №105 жолаушылар автобусы Lexus GS 300 седанымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы айналма жолдағы базар маңында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Медицина қызметкерлеріне шақырту 16:44-те түскен, 4 минуттан соң оқиға орнына екі жедел жәрдем көлігі келген.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, апаттан үш адам зардап шегіп, оларға қажетті көмек көрсетілген.

Зардап шеккендердің бірі облыстық ауруханаға жеткізілген.

Полиция департаментінің хабарлауынша, көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзып, адамдардың денсаулығына зиян келтіруіне және көліктердің бүлінуіне әкеп соққан оқиға бойынша (ҚР ӘҚБтК 610-бабы) Lexus GS 300 жүргізушісі жауапкершілікке тартылған.

Көлік айып тұрағына қойылды.