Алматы облысында итті көлікке байлап алып сүйреген ер адам жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Талғар ауданындағы Алатау тас жолында болған

Бейнеден кадр

Алматы облысында жануарға қатыгездік көрсету оқиғасы видеоға түсіп қалды. Оқиға Талғар ауданындағы Алатау тас жолында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy inalmaty.kz-ке сілтеме жасап.

Видеодан  жүргізушінің итті көлікке байлап, жол бойымен сүйреп бара жатқанын көруге болады. Жануардың қанша уақыт мұндай жағдайда болғаны белгісіз.

Алматы облысының полиция департаменті күдіктінің анықталып, Талғар аудандық полиция басқармасына жеткізілгенін хабарлады.

«Жануарларға қатыгездік жасағаны үшін ер адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды», - деп атап өтті ведомствода.