Алматыда жас келіншек жолда тұрған көліктің айнасын теуіп сындырып, терезесін шақты

Автор: Azattyq Rýhy

Жүргізушінің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз

Ашуға мінген қыздың әрекетін сол зақымданған көліктің иесі видеокамераға түсіріп алған. Ол алдымен көлік иесінің сыртқа шығуын талап етеді. Алайда, талабы орындалмаған соң автокөлікті қиратуға көшкен.

«Nissan» көлігі жүргізушісінің ашуына не тигені белгісіз. Ол жолдың ортасына тоқтай салып, «Kia» автокөлігінің жүргізушісіне тап бермек болған. Алайда, есікті аша алмай, автомашинаның айнасын сындырып, терезесін өрт сөндіргіш баллонмен шағып тастады.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған жайтқа қатысы бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқиға оқиға 22 қазан күні Әуезов ауданында болған.

«Қазіргі уақытта аталған іс Әуезов аудандық Полиция бөлімінде ҚР ҚК 293 бабы 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша тергелуде. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайлары анықталып, оған құқықтық баға беріледі. Тергеу барысында тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалады», - деп хабарлады полицейлер.