Көкшетауда құны 70 млн теңге жер жекенің қолына өтіп кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады

Фото: istockphoto.com

Көкшетауда құны 70 млн теңге жер телімі жекенің қолына өтіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысының прокуратурасы хабарлағандай, қазір жер мемлекетке қайтарылған.

«Жергілікті атқарушы орган аукцион өткізбестен, өндірістік базаға қызмет көрсету үшін аумағы 1,3 га жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген. Нарықтағы құны 70 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке кайтарылды», - деп хабарлайды прокуратура.