Астанадағы Майлин көшесінің бойынан 20 жастағы қыздың мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бойжеткеннің неден қаза тапқаны әзірге белгісіз 

Фото: depositphotos.com

Астанадағы Бейімбет Майлин көшесінің бойында 20 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ақпаратты редакция қалалық полиция департаменті растады. Марқұмның денесін көшедегі адамдар көрген.

«Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция 20 жастағы бойжеткеннің кім екенін анықтады», - деп хабарлады полиция.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйекте қаладағы қаңырап бос тұрған ғимараттардың бірінен 14 жастағы оқушы қыздың мәйіті табылған болатын.