Күдікті әйелдің жасы 38-де
7 мамырда Қарағанды қаласындағы пәтерлердің бірінен 33 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, оны қылқындырып өлтірген. Осы оқиғаға байланысты адам өлтірді деген күдікпен 38 жастағы әйел адам қамауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті полиция және патрульдік полиция полкі қызметкерлері 38 жастағы әйел ұсталып, ол қылмыс жасағаны бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді», - делінген хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.