Өткен тәулікте 4 автокөлік отқа оранды

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖМ азаматтардан автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды

Фото: t.me/qr_tjm

Өрт сөндірушілер өткен тәулікте отқа оранған 4 автокөліктің өртін сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орын алды.

«ТЖМ күштерімен 1 жеңіл автокөлігі және 3 жүк көлігінің жануы сөндірілді, зардап шеккендер жоқ», - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ азаматтардан автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.