Жамбыл облысында мейрамхана өртеніп, 250 адам эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт салдарынан 4 адам медициналық көмекке жүгінген

Бейнеден кадр

Жамбыл облысында Б.Момышұлы ауылында орналасқан 2 қабатты мейрамханадан өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар 250 адамды эвакуациялады. Нақтыланған мәліметтер бойынша екі қабатты мейрамхананың шатыры жанып, 400 шаршы метр алаңдағы 2-ші қабаттың шағын залына көшкен. Оқиға орнында ТЖД бастығының басқаруымен өрт сөндіру штабы құрылды.

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 60-қа жуық адам, жедел құтқару жасағы, апаттық медицина орталығының өкілдері, психологтар және 12 техника жұмылдырылды.

Өрт салдарынан 4 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуі ауруханаға жатқызылып, көмірқышқыл газымен уланған үш адам дәрігерлердің бақылауында.

Өрттің себебі анықталуда.