ТЖМ азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды
Ақтөбеде тоғыз қабатты тұрғын үйде тамақтың бақылаусыз қалуынан пәтер түтіндеп, 45 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, оқиға Ақтөбе қаласының Алматы ауданында болған. Тоғыз қабатты тұрғын үйде тамақтың бақылаусыз қалуынан бірінші қабаттағы пәтерде түтін пайда болған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері 45 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Түтін сейілді, зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.