Полиция Яндекс Еда және ОЗОН-мен бірге жұмысы істейді

Автор: Темірхан Айжан

Ведомствоның мәліметінше, бұл шара Алматы тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

«Яндекс Еда Казахстан» және «ОЗОН Маркетплейс Казахстан» ЖШС-мен Алматы қаласының прокуратурасы мен полициясы меморандумға отырып, ынтымақтаса жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ынтымақтастық құқық бұзушылықтың алдын-алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға бағытталған. Өзара іс-қимыл шеңберінде жарнаманы және тыйым салынған заттарды таратуды тоқтату көзделген», - делінген қалалық прокуратура таратқан ақпаратта.