Ақтөбеде браконьерлікпен айналысқан шопандар анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардан 320 дана ақбөкен мүйізі табылды

Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысының полицейлері шопандардан 300-ден астам ақбөкен мүйізі мен қару тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Қосбармақ» қыстауында «Қарасора» операциясы барысында шаруа қожалығын тінту кезінде 5 қапшыққа салынған 320 дана ақбөкен мүйізі табылды.

Сондай-ақ тіркелмеген екі аңшы мылтығы тәркіленді.

Күдіктілер мүйіздерді сатып алушыларға сатпақ болған.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.